Тәжікстанда 5,8 млн адамға коронавирус вакцинасы салынады

432

0

– Тәжікстанның 5,8 миллион тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина алуы керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ховар агенттігіне сілтеме жасап.

Кеше кешке Тәжікстанға коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинаcының алғашқы партиясы жеткізілді. Вакцинаның 192 мың доза алғашқы партиясы Үндсітан астанасы Делиден арнайы «Сомон Эйр» рейсімен жеткізілді.

Тәжікстан Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаның қалған бөлігі жақын арада елге біртіндеп жеткізілетінін атап өтті. Республика COVID-19 еуропалық вакцинасын COVAX бағдарламасы аясында алды.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<