Вакциналаудың екінші кезеңі

743

0

2 наурыз күні аймағымызға «Спутник V» ресейлік вакцинаның 6200 дозасы жеткізілді. Оның 3600 дозасы –  бірінші компонентті, 2600-і – екінші компонентті. Осы кезеңде вакцина алмаған медицина қызметкерлеріне, мұғалімдерге және жұқтыру қаупі жоғары жұмыс орындарының қызметкерлеріне салынады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов пен облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Әлия Әбдіқайымова  баяндады.

Айта кету керек,  «Covid-19» инфекциясына  қарсы егу жұмыстары 1 ақпанда басталған болатын. 1-17 ақпан аралығында 939 медицина қызметкері, 61 ерікті  тұрғын екпемен қамтылған.

–   Сонымен қатар өңірімізге 22 ақпан күні вакцинаның тағы 1000 дозасы келді. Бұл екпелер алғашқы салдырған адамдарға денсаулық жағдайларына шағымдарының болмауына байланыс­ты  екінші компонент ретінде егілуде. Қызылорда қаласы бойынша вакцинаның екінші компонентін 22 ақпан мен 2 нау­рыз аралығында барлығы 555 адам салдырды. Вакцина тасымалдаған кезде арнайы ұстанымдарды қажет етеді. Сол мақсатта вакцинация жұмыстары І кезеңде қаладағы №1, 3, 6 емханаларда жүргізілді. ІІ кезеңнен бастап аудандарда да қолға алынбақ. Ол үшін екпе  халық санына байланысты бүгін-ертең бөлініп, жеткізілетін болады, – деді басқарма басшысы.

Егу науқанын сапалы жүргізу мақсатында аудандағы медицина қыз­меткерлері дайындық курсынан өтіп, оқытылған.

Вакциналау жұмыстарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек меке­мелерінде 14 егу кабинеті дайын­далған.

Сондай-ақ, брифингте Әлия Әбдіқайымова  тұрғындарды босаңсы­мау­ға, сақтық шара­ларын ұстануға шақырды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<