Жазбаша келісім талап етеді: Коронавирусқа қарсы вакцинадан қауіп бар ма

675

0

Коронавирус инфекциясына қарсы «Спутник V» вакцинасын салғызатын адамнан міндетті түрде жазбаша келісім талап етіледі. Мұндай талаптың барын ҚазАқпарат тілшісіне Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«КВИ екпесін тұрғылықты мекені бойынша тіркелген емханадан алуға болады. Бұл ретте қауіп тобына жататын азаматтарды екпе алуға учаскелік дәрігерлер шақырады немесе жұмыс орыны мен оқу орынына байланысты екпе салу ұйымдастырылуы мүмкін», дейді Ержан Байтанаев. Оның айтуынша вакцина алу үшін азаматтар жазбаша келісім беруі керек. Вакцинация 21 күндік аралықпен екі кезеңде жүргізіледі.

«Осыған дейін аталған топтарға кіретін азаматтарға екпе тегін. Сонымен қатар халықтың қосымша осал топтарын енгізе отырып, контингентті арттыру көзделуде. Атап айтқанда бұл контингентке ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерін енгізу жоспарланып отыр», деді ол.

Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина 1 ақпаннан бастап егілетінін және ең алдымен кімдерге салынатынын айтқан болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз