Футболдан бірінші лигада «Оқжетпес» пен «Қайсар» тең түсті

727

0

Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 18-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турдағы басты ойын Көкшетаудың «Оқжетпес» және Қызылорданың «Қайсар» командалары арасында өтті.

Екі команда турнир кестесінде алғашқы екі орынды өзара бөлісіп тұр. Көкшетаулық клуб үш ұпаймен алда келе жатқан болатын. Сондықтан «Қайсар» жеңіске жеткен жағдайда ұпай саны теңесетін еді.

Ойынның 33-минутында қызылордалық клубтан Адама Диалло есеп ашты. Бұл есеп кездесудің 92-минутына дейін сақталып тұрды. Сол уақытта бұрыштамадан әуелете берілген допты «Оқжетпес» қақпашысы Александр Довгаль қарсылас команда қақпасына салды.

Осылайша кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Екі команда да турнир кестесіндегі орнын сақтап қалды.

Аталған турдағы өзге ойын нәтижелері төмендегіше:

«Байқоңыр» (Қызылорда) – «Игілік» (Жамбыл облысы) 1:2

«Екібастұз» (Павлодар облысы) – «Жеңіс» (Нұр-Сұлтан) 3:2

«Қайрат-Жастар» (Алматы) – «Жетісу» (Талдықорған) 2:3

«Тараз-Қаратау» (Жамбыл облысы) – «Академия Оңтүстік» (Шымкент) 4:0

«Қыран» (Шымкент) – «Яссы» (Түркістан) 2:2

«Астана жастар» (Нұр-Сұлтан) – «Шахтер-Болат» (Қарағанды) 3:4

Енді 19 тур ойындары 10 және 11 қыркүйек күндері өтеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан кубогының 1/2 финалына шыққан соңғы команда анықталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<