Қазақстандық кәсіби боксшы Ресейде жекпе-жек өткізбек

676

0

Қазақстандық аса ауыр салмақтағы боксшы Әли Балоев (10-0, 7 КО) келесі жекпе-жегін өткізу күнін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлидің айтуынша, оның рингке қайта оралуы 24 қыркүйекте Мәскеуде (Ресей) ЦСКА Аренада өтеді. Балоев қарсыласы мен жекпе-жектің форматы туралы қосымша ақпарат бермеді.

Балоев кәсіпқой рингте соңғы рет биылғы 23 тамызында шықты. Ол Алматыда ол беларусь спортшысы Юрий Быховцевті (10-25-3, 5 КО) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңді. Осыдан кейін ол Hardcore Boxing-тің «поп-бокс» лигасында екі жекпе-жек өткізіп, оларды да өз пайдасына аяқтады. Алайда бұл жекпе-жектер оның BoxRec.com сайтындағы ресми статистикасына кірмеді.

Бұған дейін Балоевтың Чехияда әлем чемпионатының жүлдегері өзбекстандық Санжар Тұрсыновпен (3-0, 1 КО) жекпе-жек өткізу туралы келіссөздер жүргізгені туралы қауесет тараған болатын, бірақ бұл процесс сәтсіз аяқталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<