Токио-2020: 29 шілдеде кімдер жарысқа шығады?

478

0

Боксшылар Әбілхан Аманқұл мен Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Сонымен қатар теннисші Елена Рыбакина жартылай финалда күш сынасады. 

29 шілдедегі сайыстар кестесі (Нұр-Сұлтан уақытымен):

Су добы. Ерлер, топтық кезең
08:30. Қазақстан – Испания

Академиялық есу. Ерлер, жартылай финал
08:50. Владислав Яковлев

Теннис. Әйелдер, жекелей сын. Жартылай финал
12:00. Елена Рыбакина – Белинда Бенчич (Швейцария)

Садақ ату. Ерлер, жекелей сын. 1/32 финал
14:18. Ильфат Абдуллин – Джеймс Вудгейт (Ұлыбритания)

Бокс. Ерлер, 1/8 финал.
14:15. 75 келіге дейін. Әбілхан Аманқұл – Фанат Кахрамонов (Өзбекстан)
15:51. 91 келіден жоғары. Қамшыбек Қоңқабаев – Юсри Хафез (Мысыр)

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.  

BAQ.KZ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<