Токио-2020: Данияр Қайсановтың келесі қарсыласы кім?

648

0


Токио Олимпиадасында қазақстандық Данияр Қайсанов (74 келі) еркін күрестен жартылай финалда ресейлік Заурбек Сидаковпен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Айта кетсек, Олимпиадада Данияр бұған дейін жапониялық Отогуро Кейсуке және мысырлық Әмір Реда Хуссеннен 8:5 есебімен басым түсті. Данияр Қайсанов 2019 жылы әлем чемпионатында қола жүлдегер болса, 2018 жылы Азия ойындарында күміске қол созды.

Азия чемпионатында 2018 жылы күмістен алқа тағып, 2019, 2020 жылдары алтын алды. Заурбек Сидаков 1996 жылдың 14 наурызында дүниеге келген. Бүгінге дейін әлем чемпионатында 2018, 2019 жылдары алтын медаль жеңіп алған 2019 жылы әлем кубогында жеңіс тұғырынан көрінсе, сол жылы Еуропа ойындарында да сол жетістігін қайталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<