Токио-2020: Сәкен Бибосынов қола жүлде алды

847

0

Токио Олимпиадасында бокстан 52 келі салмақтағы жартылай финалдық жекпе-жек аяқталды. Қазақстандық Сәкен Бибосынов төрешілер шешімімен қарсыласына жол берді, деп жазады Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесудің бірінші раундында Сәкен нокдаун алып, британдық Джалал Яфаи айқын басымдықпен алға шықты. 

Екінші раундта бес төрешінің үшеуі ғана Бибосыновтың басымдығын мойындаған. Шешуші үшінші раунд қорытындысы бойынша 3:2 есебімен ұлыбританиялық Джалал Яфаи жеңіске жетті. 

Осылайша, Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<