Аймақта 28 нысанның құрылысы жүруде

871

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пандемия шектеулеріне қарамастан соңғы 2 жылда азаматтарға 1984 баспана берілді. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар пәтерлі болды. Биыл 1222 пәтердің құрылысы аяқталмақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арнұр Нұрмағанбетов мәлімдеді.

«Биыл өңірде 28 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 21 нысанның құрылысы 2021 жылдан өтпелі, 7 жаңа нысан салынады. Атап айтқанда, 13 білім беру, 7 денсаулық сақтау нысанының құрылысы басталады. Мұнан бөлек, 3 мәдениет нысаны мен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 3 нысанның құрылысы жүргізілмек. Сондай-ақ, спорт және қоғамдық тәртіп салаларында бір-бір нысан бой көтереді. Айта кетейік, 28 нысанның 19-ы жыл аяғына дейін аяқталса, қалған 9 нысан 2023 жылға өтпелі деп жоспарлануда», – деді Арнұр Әлібекұлы.

Сонымен қатар, баспасөз конференциясында арендалық үйлерді табыстау, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде құрылысы жүргізілетін нысандар да айтылды. Атап айтқанда, жыл ішінде Қызылорда және Байқоңыр қалалары мен Шиелі ауданында 372 пәтерлік 10 арендалық тұрғын үй пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, облыс орталығында 580 пәтерлік 12 кредиттік тұрғын үй мен 270 пәтерлік 7 жеке коммерциялық құрылыс салушылардың есебінен тұрғын үй салынады.

Бүгінде 55 әлеуметтік нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Стратегиялық жоспарлау бағытында Жаңақорған кентіндегі «Саяжай-1» мөлтек ауданында 300 гектар және Байқоңыр қаласында 430 гектар аумағында егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары әзірленді.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында облыста барлығы 13 нысанның құрылысы жүргізіліп, биылғы жылы аталған нысандардың құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<