Қазақстан Ипотекалық Компаниясы Азиялық екінші ипотекалық нарық қауымдастығының мүшесі болды

381

0

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес мекемесі – «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Азиялық екінші ипотекалық нарық қауымдастығынан (ASMMA) қауымдастыққа ипотекалық мүше ретінде тіркелгендігі туралы растаманы алды. 

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» «ИҰ» АҚ Азиялық екінші ипотекалық  нарықтың   жаңа мүшесі болды. Аталған қауымдастықтың мүшелері – National Mortgage corporation of Malaysia «Cagamas», Japan Housing Finance Agency, Korea Housing Finance Corporation, Mongolia Mortgage Corporation, National Home Mortgage Finance Corporation (Philippines), PT Sarana Multigriya Financial (Indonesia), Secondary Mortgage Corporation (Thailand) болып табылады

 Азиялық екінші ипотекалық  нарық қауымдастығы (ASMMA) 2014 жылдың қыркүйек айында құрылды. Бұл Азиядағы барлық екінші ипотекалық корпорацияларға (ұйымдарға) ашық коммерциялық емес ұйым. Қауымдастықтың миссиясы – қауымдастық мүшелігіне кіретін елдерде тұрғын үй қарыздарын алу үшін жағдайды жақсарту және өмір сүру сапасын жоғарылату үшін жылжымайтын мүлік нарығын дамыту мақсатында идеялармен, пікірлермен және тәжірибелермен алмасу алаңын және негізін  қамтамасыз ету.

Әділ Мұхаметжанов, «ҚИК» ИҰ» АҚ Басқарма Төрағасы: «Бізде азиялық компаниялармен ынтымақтастықтың оң тәжірибесі бар. 2017 жылы Кореяның тұрғын үйді қаржыландыру корпорациясымен (Korea Housing Finance Corporation ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Енді біз Азиялық екінші ипотекалық нарық қауымдастығының мүшесі болдық. Біз үшін бұл Азия аймағындағы басқа елдермен тәжірибе алмасуға және олар жүзеге асырып жатқан жүйелер мен бағдарламаларды зерттеуге тамаша мүмкіндік ». 

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Қауымдастықтың жаңа мүшесі ретінде таныстырудың ресми рәсімі 2018 жылдың шілдесінде Маңғолияның астанасы – Ұлан Батор қаласында өтетін тиянақталған кірістер бойынша 5-ші Азиялық Саммитте өтеді.

Анықтама: ипотекалық  несиелендіру  және  жалдамалы  тұрғын үйлерді  беру  механизмдері  арқылы Қазақстан  Республикасының  тұрғындарына  тұрғын  үйдің  қолжетімдігін  арттыруды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімді қаржы операторы болу.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<