Өнеркәсіпке сұраныс аз

707

0

Ұлттық банк экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындар арасында сауалдама жүргізіп, екінші тоқсандағы негізгі көрсеткіштерді анықтаған. Оның нәтижесі бойынша, тау-кен өнеркәсібінен және көлік пен қоймада сақтау саласынан бөлек барлық салада дайын өнімге деген сұраныс біршама нашарлап кеткен. Сауалдамаға барлығы 2,6 мыңнан астам өндіруші мен өңдеуші өнеркәсіп, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік және қойма ұстаушы кәсіпорындар қатысқан.

Ақша-несие саясаты депар­та­ментінің директоры Жандос Шай­мар­дановтың айтуынша, сұра­ныс­тың өсу қарқы­ны­ның баяулауы әсіресе, өңдеу өнер­кәсібінде, саудада, құры­лыс­­та қатты байқалады. Ауыл шаруа­шы­лығы бойынша сұраныс көр­сет­кіші теріс аймаққа ауысқан. Үшінші тоқсанда сұраныс өссе, ол тек ауыл шаруашылығында өседі деген болжам бар, ал басқа салаларда өсу баяулап, тіпті төмендеп кетуі де мүмкін.

«2021 жылдың екінші тоқ­са­нында шикізат, материалдар мен дайын өнім бағасының өсу қарқыны жеделдей түскені барлық салада байқалды. 2021 жылдың үшінші тоқсанында бағаның өсу қарқыны баяулайды деп күтілуде. Сөз болып отырған салаларда өндіріс көлемі ұлғайып, диффузиялық индекс өсу саласына өтті. Өңдеу өнеркәсібінде ең жоғары өсім бар. 2021 жылдың үшінші тоқсанында бұл салада да өсу қарқыны бәсеңдейді деп күтілуде» дейді Ж.Шаймарданов.

Аталған салаларда бәсе­ке­лес­­тік деңгейі жоғары. Сауда кәсіпорын­дары нарықтық бәсеке­лес­тіктің ық­­па­лынан шыға алар емес, мұнда кә­сіпорындардың 40,1 пайызы өз биз­несіне қатысты бәсекелестіктің әсерін сезді деген ой айтады ол. Өңдеу өнеркәсібінде мұндай кәсіпорындардың үлесі – 31,6, көлік саласында – 25,6, құрылыс саласында 24,9 пайызға жетеді екен. Ауыл шаруашылығы мен тау-кен өнеркәсібінде ең аз үлес (18,2 және 16,1 пайыз) байқалған.

Сонымен қатар ел эко­но­ми­ка­сы­ның жай-күйіне қа­нағаттанбау – кәсіпорындардың басым бөлігінің іскерлік белсен­ді­лігін тежейтін бас­­­ты кедергіге айналған. Ұлттық банк­тің зерт­­те­уінде өңдеу өнеркәсібі мен сауда саласының өнімге деген сұ­­ра­нысқа байланысты елеулі проб­­ле­­­­ма­­­ларды (30,9 және 27,6 па­­йыз) бастан ке­шіп отырғаны айты­ла­ды. Ауыл шар­уа­шы­лығы мен өңдеу­ші кә­сіпорын же­тек­шілері бі­лік­ті кадр­лар­­дың тапшы екенін алға тартқан.

«Келесі 12 айда барлық сала бо­йынша қаржыландыру көлемі бұрынғы қалпында сақталады. Бұл ретте өңдеу және тау-кен өн­ді­ру өнеркәсібі барынша мо­лырақ қар­жы­ландырылып, кері­сін­ше, құрылыс пен саудада аз қаржы бө­­лі­неді деген жоспар бар» дейді Ж.Шаймарданов.


egemen.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<