ШЫНЫ ЗАУЫТЫ: құрылыс алаңында қарқын жоғары

413

0

Облыс әкімі Қ.Көшербаев шыны ­зауытында болып, іске қосылатын барлық 4 нысанның құрылыс жұ­мыс­тарымен таныс­ты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта  құрылыс алаңында 17 мердігер компанияда 240-қа жуық адам жұмыс істеуде.
Барлық 4 кешенді іске қосу бойынша жұмыс жасалуда. Мұн­да «Дайын өнім қоймасы» бірінші кешен бойынша – 85 про­цент, екінші «Ішкі темір жол» кешенінде – 52, үшінші «Не­гізгі цехтар» кешенінде – 45, төртінші «Ішкі инженерлік желілер» кешені бойынша – 7 процент жұмыс аяқталған.
Бюджеттік қаражат есебінен шыны зауытына қажетті барлық инфрақұрылым жеткізіледі. Бү­гінгі таңда газ құбырының екі тармағы, сумен жабдықтау, кә­різ жүйесі, электр желілері, жол­дар мен байланыс желілері тартылған.
Осы жылдың қараша айына дейін  темір жолдың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
Бұған дейін айтылғандай, зауыт құрылысының аяқталуы осы жылдың аяғына жоспарланған. Осыған байланыс­ты облыс  әкім­дігі  құрылысты уақытында аяқтау үшін тиісті жұмыстарды атқаруда.
Айта кету керек, «Чайна Триумф» компаниясы күн батареялары, смартфондар мен планшеттер ( қуаттылығы күніне  250 тонна ультра жұқа шыны өндіретін зауыт) үшін пайдаланылатын өте жұқа әрі ультра мөлдір шыны өндіру үшін жоғары технологиялық зауыт құрылысына инвес­тор ретінде қосылды.
Жаңа жобаның құны шамамен 150 миллион АҚШ долларын құрайды.
Өнімдердің негізгі артық­шылықтары  қалыңдығы  0,15 мм тегіс және оптикалық бұрмалануы  төмен шыны болып табылады.
Зауыт құрылысының екінші кезеңінде 500 жаңа жұмыс орнын, ал пайдалануға бергеннен кейін шамамен 150-ден астам тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.
«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<