ЖОО-да дене шынықтыру пәні болмай ма?

836

0

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері Қазақстанның жоғары оқу орындарында «дене шынықтыру» пәнін тоқтату туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды egemen.kz

Әлеуметтік желіде еліміздің жоғары оқу орындарында дене шынықтырудан бас тарту мәселесі талқыланды. Желі пайдаланушылары мұндай шешімге наразылықтарын білдіріп жатыр. 

Алайда Білім және ғылым министрлігі «дене шынықтыру» пәнін Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарынан алып тастау мүмкіндігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

«Бүгінде мұндай бұйрық жоқ және бұл мәселе айтарлықтай талқыланып жатқан жоқ. Әрине сарапшылар мен мұғалімдердің әрқашан әртүрлі ұсынысы болады. Қазір университеттерде академиялық еркіндік бар және осындай мәселелерді өзі шешеді. Бұл сұраққа кез келген жоғары оқу орнының академиялық департаменті жауап бере алады», деді Абай атындағы ҚазҰПУ КеАҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы – ректоры Такир Балықбаев.