Ұлыбританияда пилотсыз ұшақтарға арналған әлемдегі алғашқы әуежай салынады

1181

0

Ұлыбританияда Ковентри қаласының маңына пилотсыз ұшақтарға арналған әлемдегі алғашқы әуежай салынады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі SkyNews басылымына сілтеме жасап.

Ел билігі пилотсыз ұшақтар көмегімен жүк және жолаушы тасымалына қызмет көрсететін орталық құру үшін 1,2 миллион фунт стерлинг (695 миллион теңге) бөлді.
«Әуе тасымалында өзіндік инфрақұрылымы бар жаңа нысан пайда болды. Жолаушының рейске тапсырыс беруге, нысанға кіруге, салонға өтуге мүмкіндігі болуы қажет», – деді Urban Airport компаниясының төрағасы Рики Сандху.

Air One орталығы Ковентри қаласының солтүстігіндегі Ricoh Arena стадионының жанында орналасады деп хабарланған. Әуежайды 2021 жылдың қараша айында Ұлыбританияның мәдени қаласы саналатын Ковентриге арналған мерекелік шаралар аясында ашу жоспарланды.

Басылым мәліметіне сүйенсек, Air One тарихтағы ең кішкентай әуежай болады. Ол өте ықшам жасалған, сондықтан оны ірі және шағын қалаларда да салуға болады.

Жобаны жасаушылардың айтуынша, пилотсыз ұшақтар электр қозғалтқыш арқылы жұмыс істейді және көмірқышқыл газын шығармайды. Алдағы бес жылда әлемде осындай 200-ге жуық әуежай салынады деген жоспар бар. Ал пилотсыз ұшақтар тасымалы үйреншікті жағдайға айналады.

Айта кетейік, бұған дейін пилотсыз ұшақтарға арналған әлемдегі алғашқы әуежай Қытайда салынатыны айтылған. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты әуежай құрылысын тоқтататуға тура келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<