Ел тарихы тереңде

404

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы көптің көкейіндегісін дөп басып, қоғамда қызу талқыға түсті. Бұл орайда ел дегенде елгезектік танытып, жұрт дегенде жұмыла қызмет атқарған аға буынның айтары көп.

Аймақтың бірқатар ардагері «Достық үйінде» өткен жиынға қатысып, тәуелсіздіктің құндылығы, қоғамдағы қазіргі мәселелер туралы ойларын ортаға салды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет қатысты.


Шараны жүргізген об­лыстық ар­да­­герлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев қа­тысушы әрбір азамат та­рихи сәттің қалай жүзеге асы­рылғанын, алғашқы сәт­тегі қи­ындықтарды жақсы біле­ті­нін жеткізді. Сондай-ақ, Тұң­ғыш Президент – Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың баста­масымен саяси тұрақты, эконо­микасы орнықты мем­лекет қа­лыптасқанын баса айтты.
Қоғам қайраткері Нәжмадин Мұса­баев тәуелсіздіктің алғаш­қы жыл­да­рында Жаңақор­ған ауданында ат­қа­рылған ау­қымды істер, Арал теңізіне «Көк­арал» бөгеті салынып, «САРАТС-1» атты ғаламат жо­ба­ның жүзеге асқанын, Елба­сының Арал ауданына сапары, төл теңгенің айналымға түсуі кезінде жасалған жұмыс­тар ту­ралы кеңінен сөз қозға­ды. Теңізді ауданда іске ас­қан жобалар, әлеуметтік ны­сан­дардың бой көтеруі, халық тұр­­мысының жақсаруы тә­уел­сіздіктің жеңісі екеніне тоқ­талды.


Мұнан кейін философия ғы­лымдарының докторы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда уни­верситетінің профессоры Бай­мырза Қожамберлиев бұл стратегиялық бағдарламалық мақала екенін, әр сөзінде үлкен ой, міндеттер барын ай­тып, әділетті қоғам, адами капи­талды қалыптастыру, тіл, жер, экология мәселесі туралы ойын жеткізді. Ал, еңбек ардагері, «Те­мірбек Қараұлы Жүргенов» қо­ғамдық қорының төрағасы Сәпен Аңсатов қо­ғамды толған­дыратын жайлар, өңір­дің өзек­ті мәселелері туралы сөз қозғады.
Тәуелсіздіктің арқасында көптеген жетістіктерге қол жет­кенін, бірақ әлі де түйіні тар­қамаған мәселелер бары да айтылды.

Белгілі ғалым, про­фессор Қазыбай Құдайбер­генов ғы­лым саласына қолдау қажеттігін, тіл мәселесінде нә­тиженің аздығы, өнді­рістің дең­гейі мақтанатындай еместігін атап өтті.


Жиында Серік Ахмет ел тарихы, Сыр өңірі туралы ке­ңінен сөз қозғады.


– Ғалымдардың айтуынша, әлем­де орташа есеппен ал­ған­да 3000 халық бар. Сол ха­лықтың 200-і ғана мемлекет құрды. Олардың 193-і БҰҰ-ның құрамында. Оның ішінде біз де бармыз. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген сөз осы жылдың ғана ұраны емес, ол – мәңгілік ұранымыз. Одан қымбат ештеңе жоқ. «Біз ұлы даланың мұрагерлеріміз» деп ауыз толтырып айтамыз. Қазақ халқының тарихы 1465 жылы құрылған Қазақ хандығынан басталмайды. Еліміздің тари­хы терең­де, – деді Серік Әбжәліұлы.


Айта кету керек, шараға аудандық ардагерлер кеңесінің өкілдері онлайн қатысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<