Дизель тапшылығына байланысты Павлодар мұнай-химия зауыты жөндеу жұмысына өзгерістер енгізді

467

0

Қазақстанның жанар-жағармай нарығында дизель отынының тапшылығына байланысты Павлодар мұнай-химия зауыты жөндеу жұмысы жоспарына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап.

«ПМХЗ» ЖШС-ның мұнайды бастапқы қайта өңдеу бөлімі дизель отынын қосымша өндіру мақсатында жөндеу жұмыстарына белгіленген уақыттан 10 күннен кейін шығады. Басқа жұмыстар өндірістен жоспарға сай алынады», – делінген хабарламада.

Зауыт әкімшілігінің хабарлауынша, кәсіпорындағы уақытша жөндеу жұмыстары – керек жоспарлы шара.

Ол зауыттың технологиялық құралдарының 2021-2022 жылдары жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Зауыттың жұмысы тоқтатылған кезде ғана газ қауіпті пісіру жұмыстарын жүргізіп, жоғары температура мен қысымда агрессивтік ортада жұмыс істейтін технологиялық жабдықтарды ауыстыруға болады.

Дегенмен жанар-жағармай мен дизель отынының қорын тиеп-жөнелту зауыт жұмысының тоқтағанына қарамай жүріп отырады.

Ертерек, Павлодар мұнай-химия зауытының 1 қазан күні жоспар бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жұмысын уақытша тоқтататыны хабарланған болатын.

Зауыттың барлық технологиялық қондырғыларына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Зауыт қазан айының соңына дейін жұмысын қайта жандандырады.

ПМХЗ жұмысы тоқтап тұрған кезде басқа қазақстандық мұнай-химия зауыттарының (Атырау МХЗ және Шымкент МХЗ) жұмысы күшеймек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<