Грекияда екі пойыз соқтығысып 26 адам қаза тапты

328

0

Фото: ашық дереккөз

Грекияның Лариса қаласының маңында жолаушылар пойызы мен жүк пойызы соғылып,16 адам көз жұмды. Тағы 85 адам зардап шект, деп хабарлайды ҚазАқпарт ERT NEWS жаңалықтар арнасына сілтеме жасап.

Апат туралы ресми ақпаратты Грекияның өртке қарсы қызметтің ресми өкілі Василис Ватракояннис берді.

«Қазіргі уақытта апат болған жерден қаза тапқан 26 адамның денесі шығарылды. 85 адам жарақат алды, олар ауруханаларға жеткізілді», – деді Ватракояннис. Тағы 270 жолаушы қайғылы оқиға орнынан эвакуацияланып, автобуспен қауіпсіз жерге жөнелтілді.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, пойыздар соқтығысқан кезде бірнеше вагон бірден өртеніп кеткен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<