Нұр-Сұлтанда селфиге түспек болған жігіт Есіл өзеніне құлап кетті

536

0

Нұр-Сұлтанда селфиге түспек болған ер адам Есіл өзеніне құлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтанның ПД-ға сілтеме жасай отырып.

7 қарашада полицияға ер адамның Атырау көпірінен секіргені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полиция 22 жастағы жігіттің селфи жасаған кезде өзенге құлап кеткенін анықтады.

«Қуанышқа орай, жас жігіт жарақат алған жоқ және өздігінен жағаға жүзіп жетті. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті селфи түсіру кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді. Экстремалды фотосуреттер өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін екенін есте ұстаған жөн», – деп атап өтті полиция.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<