Өзбекстан Унгор-Тепа тауын Қырғызстанға береді

401

0

Өзбекстан Унгор-Тепа тауын Қырғызстанға беруге келісті. Бұл туралы Олий Мажлис заң шығару палатасының отырысында Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Repost.uz сайтына сілтеме жасап.

Унгор-Тепа тауы Ферғана алқабындағы ең биік нүктелердің бірі саналады және Наманган облысына жақын жерде орналасқан. Онда Өзбекстан мен Қырғызстанның радио және телевизия антенналары қойылған.

Арипов тау басына Өзбекстан жағынан шығу мүмкін емес, жол тек қырғыз тарапында бар екенін атап өтті. Осыған байланысты ымыраға келу ұсынылған.

«Біз оларға жерді белгілеуге мүмкіндік жасаймыз, бірақ олар бізге тауға шығып-түсетіндей жағдай жасауы керек. Осындай келісім бар», – деді Өзбекстан премьер-министрі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<