Оқушы шығармашылығы ұстаз ұлылығын суреттейді

1258

0

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Мұғалімдер күнінде оқушылар арасында сурет салудан байқау өтті.


Жас дарындылар өз еңбектерінде мұғалім мамандығының маңыздылығы және жас ұрпақ тәрбиесінде ұстаз рөлін суреттеп, педагог қауымына деген алғыс пен құрметтерін ашық бояулармен жеткізді.

Шығармашылық байқауға 7-12-сынып оқушылары қатысты. Балалар өз жұмыстарында бейнелеу өнерінің түрлі техникасын пайдалана отырып, кез келген материалдарды қолдана білді.

Жеңімпаздарды Инстаграм әлеуметтік желісіндегі сайыстың ресми парақшасында лайк саны бойынша анықтады.


Нәтижесінде 7-сыныптар арасында үздік жұмыстың авторы болып Надира Атымтай белгіленсе, екінші орынмен Бегайым Қаленқызы мен үшінші орынмен Дара Сақтапберген картиналары марапатталды.


Орта санатта 9-сынып оқушысы Айжан Жәлел жұмысы көп лайк жинаса, екінші және үшінші орындарға сегізінші сынып оқушылары Жансая Боранбаева мен Саягүл Өмірбек лайықты деп танылды.


Сонымен қатар жоғары сыныптар арасында Толғанай Жағыпар жеңіс тұғырынан көрінсе, сайыстың екінші және үшінші дәрежелі дипломдары 10-сынып оқушысы Дильназ Романкұл мен 11-сыныптан Ляззат Өтепке бұйырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<