Қазалыда құрылыс қарқынды

388

0

Соңғы жылдары Қазалыда құрылыс қарқынды жүруде. Өткен жылдың өзінде 2,9 млрд. теңгеге 15 нысанның құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 10 нысан пайдалануға берілді. Қазіргі таңда бұған дейін құрылысы басталған 600 орындық мәдениет үйі, ауысымына 250 келушіге арналған емхана, Қазалы қаласын газдандыру және Жанқожа батыр мен Майдакөл елді мекендеріндегі тұрғын үйлерге сервистік ауыз су желілерін жүргізу жұмыстары жүріп жатыр. Аталған жұмыстардың барлығы биыл аяқталады деп жоспарлануда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз