Қазақстан Президенті Джо Байденді сайлаудағы жеңісімен құттықтады

661

0

Фото: Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Джо Байденді АҚШ президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Джо Байден мырзаны АҚШ президенті болып сайлануымен шын жүректен құттықтаймын. Біздің елдеріміз арасындағы өзара мүдделі салаларда жемісті ынтымақтастық орнатамыз деген үміттеміз», – деп жазды Қазақстан Президенті Twitter желісінде.

My sincere congratulations to Mr Joe Biden @JoeBiden on his election as President of the United States of America. Look forward to having productive cooperation between our two countries in the areas of mutual interest.— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) November 7, 2020

Еске салайық, CNN телеарнасы мен NBC және AP агенттіктері демократиялық кандидат Джо Байден АҚШ президенті болып сайланғанын хабарлады.

3 қарашада басталған сайлаудың қорытындысы бойынша, демократ Джо Байден жеңіске жетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<