Қазақстандық журналист Михаил Дорофеев өмірден озды

625

0

Informburo.kz ақпараттық-сараптамалық интернет порталының бас редакторы Михаил Дорофеев қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева танымал қазақстандық журналист Михаил Дорофеевтің қайтыс болуына байланысты оның жақындарына, туыстарына және әріптестеріне көңіл айтты.

«Бүгін танымал БАҚ-тардың бірі informburo.kz жетекшісі, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, жарқын әрі дарынды адам Михаил Дорофеевтің өмірден озғанын естідім. Михаилді жеке танитын едім, оның өмірден озуы – отандық журналистика үшін өте ауыр қаза. Оның көптеген достары болды, бәрі оны жақсы көрді және құрметтеді, кәсіби және адами қасиеттерін қадірледі. Бәріміз оны сағынатын боламыз. Жеке өз атымнан және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің атынан Михаил Дорофеевтің туыстары мен жақындарына және әріптестеріне қайғыра көңіл айтамын», – деп жазды Аида Балаева Facebook желісінде.

М. Дорофеев журналистикадағы жолын Атырау облысында бастап, республикалық медиада – КТК телеарнасында, «Экспресс К», «Город» және «Мегаполис» газеттерінде (бас редактордың орынбасары) жалғастырған. Республикалық телеарналарда басшылық қызметтер атқарды, оның ішінде «Астана қ. телевизиясы» ЖШС Бас директоры және «Эра» телекомпаниясы» ЖШС бас продюсері болып жұмыс істеген. Әр жылдары «Портрет недели» (КТК), «Формула личности» (Қазақстан, Астана-ТВ), «Тема» («Астана» телеарнасы), «Открытый диалог» (Хабар) телевизиялық бағдарламаларының жүргізушісі болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<