Қазақстандықтар ұлттық компаниялардың акцияларын сатып ала алады

760

0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық IPO-сын» жаңғыртуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халық ІРО-сы» бағдарламасын жаңғырту керек. Акциялар ең бірінші кезекте Қазақстан азаматтарына сатылуы тиіс. Біздің елдің әрбір азаматы ұлттық байлықтың бір бөлігін ала алатындай жағдай жасау керек», – деп атап өтті Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің отырысында.

Мемлекет басшысы Үкіметке нысандардың сатылуын бақылайтын қоғамдық мониторин жүргізуді тапсырды. Оның айтуынша IPO құралын бұл бағытта барынша пайдалану керек, себебі жекешелендіру мәселесінде бұл механизмге барынша басымдық берілуі тиіс.

Айта кетсек бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің үшінші отырысы өтті. Іс-шараның күнтәртібіне Қазақстан Республикасын 2025 жылға дейін дамытудың ұлттық жоспарын, мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін, 2030 жылға дейін мемлекеттік бсқаруды дамыту тұжырымдамасын, 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарын әзірлеу, сонымен қатар шұғыл реформалар топтамасы мен халықтың ұлттық санағын өткізу мәселелері кірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<