Қызылордада пошта арқылы түрмеге есірткі жолдап отырған адам ұсталды

579

0

Қызылордада 24 жастағы азамат пошта арқылы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқандарға есірткі затын өткізбек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай жағдай үш мәрте қайталанған.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде облыс орталығында тұратын 24 жастағы адам қолға түсті.

Ол уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297 бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Онда есірткі заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу жағдайы көрсетілген.

Биылғы жылдың алғашқы айында облыстық полиция департаменті қызметкерлері есірткі құқық бұзушылықтың 11 дерегін анықтады.

Оның ішінде біреуі – есірткіні аса ірі мөлшерде сату мақсатында сақтау.

Заңсыз айналымнан 15 келіден астам есірткі заты тәркіленген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<