Үздіктер марапат биігінде

479

0

Қызылордалық Мейрамкүл Жүсіпова Нұрсұлтан Назарбаев қоры ұйытқы болған республикалық «Қайырымдылық керуені» байқауының «Туған жер» аталымы бойынша жеңімпаз деп танылды.

Сондай-ақ, 22 жерлесіміз Дариға Назарбаеваның алғыс хатымен марапатталды. Олардың қатарында облыстық өзбек этномәдени бірлестігі жетекшісінің орынбасары Манзура Абдугафарова, «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы Әсел Абзал және аға сарапшы Руслан Орлов бар.

Байқауға өңірден 37 азамат өтінім берген. Бұл ретте облыстық іскер әйелдер қауымдастығы ұжымының сіңірген еңбегі айрықша. Марапат төрінен көрінген жерлестер – қайырымдылық шараларына шын ниетпен, бар ынта-ықыласымен араласқан ізгі ниетті жандар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<