Ұлт қайраткерінің есімі ұлықталды

620

0

Нұр-Сұлтан қаласындағы №51 мектеп-гимназияға түркі әлемінің тарихи тұлғасы Мұстафа Шоқай есімі берілген еді.

Осы мек­теп-гим­на­зия­да ұлт қай­рат­керінің тәуел­­сіздік жо­­лын­дағы ер­лікке толы өмір өне­гесі мен мұ­­раларын наси­хаттайтын музей ашылды.

Салтанатты шараға қо­ғам қайраткері, сая­си ғылым­­дарының докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір,  депу­таттар Нұртөре Жүсіп, Жұлдыз Сүлейменова, Қазыбек Иса, Нұр-Сұлтан қаласы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп, шоқайтанушы ғалымдар қатыс­ты.

Білім ор­дасының басшысы Данара Жомартова музейдің мақ­сатын сөз етіп, оның ұрпақ тәрбиесінде атқаратын роліне тоқталды. Маңызды іс-шараға келген қонақтарға алғыс білдірді.

Қонақтар та­рихи тұлғаның тәуелсіздік жо­лындағы жанкешті еңбегін атап өтіп, рухани құндылықтар хақында сөз айтты.

Мұражайда ұлт күрес­керінің саяси көзқарастары­ның қалыптасуына əсер еткен тарихи оқиғалар мен М.Шоқайдың эмиграцияда жүрген кезеңдеріндегі ат­қар­ған қоғамдық қызметі туралы деректер берілген. Алаш арысының өмірі, сая­си жолы, Түркістан, Кавказ, Түркия, Франция елдеріндегі эмигранттық тағдыры, ай­дауға түскен кезде көрген ауырт­палықтары ай­­қын кө­рініс тапқан та­рихи туындылары­нан үзінділер көрсетілген.

Музей экспозициясына М.Шоқайдың өмірімен бай­ланысты бірнеше бағытты қамтитын материалдар мен экспонаттар қойылған.

Салтанатты іс-шара «Ұлты үшін туған ұлы тұлға Мұстафа» атты танымдық кешпен жалғасын тапты. Онда тұлғаның жары Мария Горинаның монологі, қайраткерге арналған жыр шумақтары көрер­мендер назарына ұсынылды. Со­нымен бірге белгілі меценат Фазылбек Мус­танов білім ордасының дарынды әрі талантты оқушы­ларына Мұстафа Шоқай атындағы стипендия мен футбол клубының құрамында тегін жаттығу үшін арнайы сертификаттар табыстады.

Шара соңында халық ардақтысы М.Шоқай есімінің мектеп-гимназияға берілуіне байланысты шығарылған білім ордасының жаңа гимні шыр­қалды.

Мұхтар БЕРКІНБАЕВ,

мектеп-гимназия мұғалімі.

Нұр-Сұлтан қаласы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<