Жолаушылардың қауіпсіздігі маңызды

640

0

«Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тілеумбетов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлік комитетінің облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Нәжмәдин Шамұратовпен кездесіп, жыл бойы атқарған жұмыстары жөніндегі баяндамасын тыңдады» деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Алдымен баяндама жасаған М.Тілеумбетов жол инфрақұрылымын да­мыту бойынша атқарылған жұ­мыстарды айтты.

Облыс аума­ғын­дағы авто­мобиль жол­дары­ның жал­пы ұзындығы – 3 мың 398 шақырым. Оның 1 мың 16 ша­қы­рымы – рес­публикалық, 557 ша­қы­рымы – облыстық, 1825 ша­қырымы – аудандық маңызы бар автомобиль жолдары. Биыл жергілікті маңызы бар авто­мобиль жолдары желісін дамытуға 20 млрд 289 млн теңге бөлінген. Осы қаражатқа ұзындығы 498,2 шақырым құрайтын автомобиль жол­дары, көшелер және кө­пір өткелдерін жөндеуден өткізу жоспарланған. Жалпы жол желісін дамытуға 4 мем­лекеттік бағдарлама арқылы қаражат бөлініп отыр. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бөлінген 6 млрд 223,3 млн теңге қаржыға облыстық және аудандық маңызы бар ұзындығы 147 шақырым авто­мобиль жолдарына жөндеу жұ­мыстары жүргізілді. «Өңір­лерді дамыту» бағдарламасы бойынша 1 млрд 189 млн теңгеге қаладағы Бейбарыс сұлтан көшесінен «Қы­зыл­жарма» кана­лына дейінгі көше құры­лысы жүргізілмек. «Ауыл – ел бесігі» бағдар­ламасы бойынша  1 957,6 млн теңге қар­жы қарас­ты­рылып, бүгінде ол қар­жының 48%-і игерілген. «Жұмыспен қамту жол кар­тасы» бағдарламасымен 8 626,1 млн теңге бөлініп, жос­парланған жұмыстың 81%-і жүзеге асқан.

Мұнан бөлек жергілікті бюджеттен автомобиль жол­дарының жұмысын қамта­масыз ету, елді мекендер кө­шелері мен көпір өткелдерін жөндеуден өткізуге  2 млрд 293,3 млн теңге бөлініп, ұзындығы 20,7 шақырым кө­ше­лер мен автомобиль жол­дары жөндеуден өткен.

– 10 айдың қоры­тын­ды­сы­мен жалпы бөлін­ген қар­жының 17 млрд 931,2 млн теңгесі немесе 95%-і игерілді. Нәтижесінде об­лыс­тық және аудандық маңызы бар жолдардың жақ­сы және қанағаттанарлық көрсеткішінің үлесі жос­пар­лы 69%-ті құрады.

Сонымен қатар биыл 21 нысанды пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Есепті кезеңде 15 нысан пайдалануға берілді. Қалған 6-уы қараша, желтоқсан айларында аяқта­лады, – деді М.Тілеумбетов.

Сондай-ақ басқарма бас­шысы «Қорқыт ата» әуе­жа­йының жаңа жолаушылар терминалының тиімді нұс­қасы – қазіргі терминал көле­мін кеңейту жолдары қарас­тырылып жатқанын да жеткізді. Аталған мәселенің аймақ үшін маңыздылығы ескеріліп, биыл жобаның жо­ба-сметалық құжат­тамасын әзірлеу үшін бюд­жеттік өтінім ұсынылып, қолдау тапқан.

Облыс әкімі басқарма басшысына бөлінген қар­жыны тиімді игеріп, жолдардың сапасына баса мән беру керектігін жеткізді.

– Облыстағы автомобиль жолдарын жөндеуге бюд­жеттен қыруар қаржы бөлінді. Бұл қаржы жол­дардың сапалы болуына, жол жүру қиын­дығын еңсеруге бағыт­талған. Сондықтан салын­ған, жөнделген жолдар халыққа ұзақ уақыт қызмет етуі тиіс. Басқарма басшысы тарапынан мердігерлердің жұмысы ұдайы бақылауда болсын, – деді.

Мұнан соң баяндама жасаған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлік коми­тетінің облыс бойынша көлік­тік бақы­лау инспек­циясының басшысы Нәжмәдин Ша­мұра­тов авто­­мобиль, темір жол, су көлік­теріне қатысты жүр­гізілген бақылау жұмыс­тарының нәтижесі жайлы баян­дады. Автомобиль кө­лігі саласында 1 мың 480 құқық бұзушылық анықталып, 50 млн теңге айыппұл салы­нып, 35 млн теңге рес­пуб­ликалық бюджетке өн­дірілген. Инс­пекция бас­шысы жауап­кершілікке тартыл­ған­дар­дың дені ауыр салмақты және ірі көлемді жүкті рұқ­сатсыз тасымалдауға, тасы­малдау қағидасының талап­тарын орындамауға қатысты дейді. Сонымен қатар, пан­демия кезінде жолаушылар тасы­малына тыйым салын­ға­нына қарамастан жұмы­сын жалғастырған 23 тасы­мал­даушы жауапкер­шілікке тартылған.

Теміржол көлiгiмен жолау­шыларды тасымалдау кезінде де заңбұзушылықтар орын алған. Тексеру бары­сында 5 билетсіз жолаушы, 30 кг артық қол жүгі және 14 басқа да түрлі заңбұзу­шылық анықталыпты. Нәти­жесінде 12 жауапты тұлғаға шара көрілген.

Су айдындарында өткен жылы оқыс оқиға орын алмаған. Бірақ биыл 5 адам суға кет­кен. Қайғылы жағдай балық­шылардың су көлігін қауіпсіздікті сақтамай бас­қаруынан болған.

Жиын соңында облыс әкімі инспекция басшысына тасымал кезінде барлық қатаң шараларды қолға алып, жолаушылар қауіпсіздігі барынша сақталуын, апатты жағдайлардың алдын алу керектігін ескертті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<