Жыл басынан бері 57 лауазым иесі ұсталды – агенттік

558

0


Жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 600-ге тарта сотқа дейінгі тергеуді тіркеді.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сотқа дейінгі тергеу амалдарына тоқталсақ, жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 600-ге тарта (581) сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. 57 лауазым иесі ұсталып, 54 адамға қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды», – деді Д. Бекайдаров онлайн режимдегі брифингінде.

Айта кетейік, бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаңында өткен брифингіде Солтүстік Қазақстан облысында білім беру бөлімінің қызметшілері табысы төмен отбасылардың балаларына арналған ноутбуктерді жымқыру күдігіне іліккені айтылды.



 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<