2 қыз із-түзсіз жоғалып кетті

792

0

Фото: instagram/volontery_lider_aktobe

Ақтөбеде екі қыз із-түссіз жоғалып кетті. Олар екі аптадан бері табылмай жатыр.

Еріктілер Instagram-дағы парақшасында 2004 жылы туған Аружан Жаңаділова мен 2003 жылы туған Айгерім Қалмағанбетова 13 наурызда үйден шығып, оралмағанын хабарлаған.

Екеуінің де бойы орташа. Аружан ақшыл күртке, қара шалбар және қысқа сұр етікпен, Айгерім ашық түсті күртке, қызыл трико мен қысқа қара етікпен кеткен. 

Еріктілер қыздарды көрген-білген адамдарға мына нөмірлерге хабарласуын сұрайды: +7 705 141 05 99 немесе 102. Еріктілер қыздар Ақтауда болуы мүмкін екенін айтады. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<