2021 жылы Қазақстандағы еңбек нарығы қалай өзгерді

1861

0


2021 жылы ішкі еңбек нарығында қандай өзгерістер болды? Жұмыс іздеушілер көп болды ма және жалақы өсті ме? Қазақстандық HeadHunter компаниясы өткен жылдың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жұмыс берушілердің ұсынысы айтарлықтай артты

2020 жылмен салыстырғанда өткен жылы жұмыс берушілердің hh.kz сайтына жариялаған хабарландырулары 57 пайызға артқан. Яғни олар 2021 жылы 350 мыңнан астам жұмыс орнын ұсынды. Бос жұмыс орындары көбіне Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларына тиесілі болды. Жалпы айтқанда өткен жылы еңбек нарығы эпиджағдайдан кейін қарқынды қалыптасты.

Жұмыс іздеушілердің белсенділік динамикасы

Өткен жылы hh.kz сайты арқылы 1 млн-нан астам адам жұмыс іздеді. Жұмыс іздеп түйіндемесін жариялаушылардың саны 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы 2 есеге артты. Жұмыс іздеушілер негізінен Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының тұрғындары болды. Мамандықтарға келсек, жұмыс іздеушілер сату және клиентпен жұмыс істейтін менеджер, сатушы-кеңесші, кассир, есепші және жүргізуші.

Еңбек нарығындағы бәсекелестік

2021 жылы hh.kz сайтының индексі 2020 жылмен салыстырғанда 27 пайызға артып, 2,8 көрсеткішін құрады. Бұл дегеніміз бір бос жұмыс орнына 3 адамнан келді деген сөз. Бұл нарық үшін тұрақты жағдай.

Жалақының өсімі

Өткен жылы Қазақстандағы орташа жалақының көлемі 223 мың теңгені құрады. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 26,6 пайызға жоғары. Орташадан жоғары жалақы ұсынатын бос жұмыс орындары Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Теміртау, Атырау, Петропавл, Қарағанды және Өскемен қалаларында болды.

Кәсіби сала бойынша сұраныс

Өткен жылы жұмыс берушілердің дені кәсіби бағыт бойынша сұраныстарын өзгерткен жоқ. Көш бастаушы салалар – сату, бухгалтерлік есеп және қаржы, әкімші қызметкер, ақпараттық технологиялар, интернет және құрылыс пен жылжымайтын мүлік.

Кәсіби сала бойынша шектен тыс сұраныс

Жаңа бітірген түлектер мен студенттер, туризм, қонақ үй, мейрамхана қызметі, қызметкерлерді басқару, әкімшілік басқару, көлік және логистика саласы бойынша мамандарға сұраныс жоғары болды.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<