Қайрат Нұртас ауруханаға түсіп қалды

557

0

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртас өз жанкүйердерін алаңдатып қойды. Хитменнің ауруханада жатқанына төртінші күн болған. Ел сүйіктісіне айналған өнер иесі өзінің парақшасына ауруханада түсірілген видеолармен бөлісті деп жазады NUR.KZ.

Қайрат Нұртас өзінің Instagram парақшасына ауруханада түсірілген видеоларын жүктеп, емделіп жатқанына төртінші күн болғанын жеткізген. Әнші бейнежазбада өзінің VIP палатасын көрсеткен.

«Ем қабылдап жатқан жерім осы. Бұл жерге келгеніме төрт күн болды. Ешқайда шығуға болмайды. Тек қана жатып демалу керек» , – деп хабарлады әнші.

Оған қоса, Қайрат Нұртас видеоға мейірімді медбикенің келгенін де түсіріп үлгерген. «Тамақ іштіңіз бе? Мен жинап қояйын» , – деді ол. Өзін тексеріп қайтқан қызметкерге ол ас ішіп болғанын айтып, жауап қайтарады.

Отандық жұлдыз ауруханаға не себепті түсіп қалғанын айтпаған. Алайда жақын арада сахнаға оралатынына сендірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<