«Қазтест» сертификаттық сынақ өткізді

543

0

2018 жылғы 11-12 қазан күндері Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында тіл­дерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламасын орындау мақсатында облыс әкімдігінің  мем­­­лекеттік және бюджеттік сала қызметшілеріне «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу өтті. Тестілеу жұмыстары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орта­лығы арқылы жүргізілді.
Тестілеу жұмыстарына облыс әкімі аппараты, об­лыстық басқар­малардың мем­лекеттік қызметшілері және мем­­лекеттік қызмет көрсететін ұйым қыз­меткерлері, барлығы  100 адам қам­тылды.
Яғни, С1-жоғары деңгей бойынша – 14, В1-орта деңгей бойынша – 58 және В2-ортадан жоғары деңгейге 28 адам қатысты.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<