
Еріктілер жылының құрметіне орай ұйымдастырылған кездесуде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы мен Әбу Насыр Әл–Фарабидің өмір тарихынан сыр шертіліп, шығармашылығы таныстырылды.
«Иманды жас – ел болашағы» тақырыбында өрбіген сұхбат барысында ҚМДБ-ның облыс бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жастарға «ата-ананы құрметтеудің мәртебесі», «көркем мінезділік», «имандылық»\’, «мейірімді болу» тақырыптарында өнегелі насихатын айтса, Нұр-Мүбарак университетінің 4-курс студенті Абылай Кенжалыұлы «білім алудың парыздылығы», «уақытты тиімді пайдаланудың пайдасы» жайлы сүбелі ойларымен бөлісті. Ал, қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның директоры Сабыржан Бауыржанұлы өңірдегі ерікті азаматтардың ерен еңбектерімен таныстыра отырып, еріктіліктің маңызы мен мақсаттарын түсіндірді.