БРИТАН МЕШІТТЕРІ САДАҚАҒА БИТКОИН ҚАБЫЛДАЙ БАСТАДЫ

240

0

Лондон қаласында орналасқан «Шэклевел Лейн» мешіті садақа ретінде криптовалюталарды қабылдай бастады. Мешіт имамы Эркин Гюнидің айтуынша, биткоин және Ethereum түрінде келіп түскен бұл қаржы құлшылық ордасының жөндеу жұмыстарына және мұқтаж отбасыларға жұмсалмақ.

«Бұл – ақшаның жаңа түрі. Банк арқылы аударылған басқа қаржы түрлерінен еш айырмасы жоқ», – дейді Эркин Гюни.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Ислам әлемінде криптовалютаға қатысты нақты бір шешім жоқ. Мысыр мен Түркия секілді мемлекеттер қаржының бұл түрін «исламдық емес» деп танитынын мәлімдеген. Ал, Сауд Арабиясы мен БАӘм билігі өз тұрғындарын криптовалютадан сақтандыруға шақырғанымен, сауда жүйесіне нақты тыйым салған емес.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<