Қызыл түскен киін

524

0

Облыстық жастар денсаулығы орталығының ұйымдастыруымен А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінің алаңында Салауатты өмір салтын қалыптастыру және қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу жөніндегі «2018-2021 жылдарға» арналған облыстық іс-шаралар жоспары аясында «Қызыл түске киін!» ұранымен кең ауқымды акция өткізілді.
Бүгінгі таңда жыл сайын әлем бойынша 17,5 миллион адам жүрек-қан тамырлары ауруларынан көз жұматындығы туралы ресми дерек бар.
Сол себепті де акция облыс тұрғындарының назарын өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып табылатын жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға, уақытылы дәрігерлік тексерулерден өтуге, денсаулықты нығайтуға мән беруге шақыру мақсатында ұйымдастырылды.
Қызыл түске киінген жастардың флешмоб биінен кейін, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы сөз сөйледі.
Акция бастамашылары облысымыздың түрлі салаларының белсенді азаматшалары. Олардың негізгі идеясы – қызыл түске киініп, облыс тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға, жүректерін қорғауға, денсаулық туралы ойлануға және ұзақ та бақытты өмірге қадам жасауға шақыруға бағытталған. Қызыл түсті киім бұл дабыл белгісі. Акция ұйымдастырушылары қызыл түсті киім кию арқылы Қызылордалықтарды жүрек-қан тамыры ауруларына және олардың даму қаупіне назар аударуға шақырады.
Әйел-Ана – отбасында өзінің, сонымен бірге, жақындарының денсаулығына, дұрыс тамақтануына, спортпен айналысуына немесе зиянды әдеттерден бас тартуына ұйытқы болатын басты тұлға. Сондықтан да бүгінгі іс-шараның басты қатысушылары да қыз-келіншектер, әйел-аналар.  
Акция барысында қатысушыларға фото-көрме өткізіліп, медициналық қалашықта Қызылорда қалалық ауруханасының терапевт, невропатолог дәрігерлері мен емхана дәрігерлері тұрғындардың қан қысымын, қант, холестерин мөлшерін өлшеп, дәрігерлік кеңес берді.
Сонымен қатар денсаулық жәрмеңкесі мен денсаулық сабақтарында да тұрғындардың назарына әдістемелік ақпараттар мен пайдалы кеңестер ұсынылды. Облыс орталығынан бастау алған бұл акция барлық аудандарда, ауылдар мен елді мекендерде жалғасатын болады. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<