Мерекедегі марапат

633

0

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев Тәуелсіз еліміздің қолданыстағы Ата Заңының қабылданғанына ширек ғасыр толуына орай бірқатар азаматтарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «ҚР Конституциясына 25 жыл» мерекелік медальдарын табыстады.

Олардың қатарында ел дамуына елеулі үлес қосып, еңбегімен ерекшеленген қазалылықтар бар.

Салтанатты шарада аудан басшысы шараға жиналғандарды мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болған ұлық мейрам – Конституция күнімен құттықтап, ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың бірқатарына ерекше тоқталды.

Еліміз үшін маңызды мерекеде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысқан бірқатар үлгілі қызметкерлер аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, 3 жас мемлекеттік қызметші ант қабылдады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<