Пробация есебіндегі адамдар квотамен жұмысқа орналасты

605

0

Сырдария аудандық пробация қызметінде 50 сотталған есепте тұрады. Пробациялық бақылау белгіленген жұмыссыз сотталғандарды жұмысқа тұрғызу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.


Аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры Нұрхан Дұйсенбаевтың айтуынша, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту мақсатында аудан әкімдігінің қаулысымен жұмыс орындарына төрт квота белгіленген.

Бүгін сол квота есебінен 2 сотталған жұмысқа орналасты.Олар «Жәрдем» ЖШС- не және «Ер-Ай» жеке кәсіпкеріне жұмысқа орналасты.


Жазасын өтеушілердің қайта қылмысқа баруына жол бермеу мақсатында профилактикалық шаралар өткіземіз. Жыл басынан бір сотталған сот жүктеген міндеттерді орындамай, жаза өтеуден жалтарып, бірнеше рет әкімшілік хаттама толтырылған.

Пробация қызметкерлері ол сотталғанның жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын айыруға ауыстыру үшін сотқа ұсыныс жолдағанған болатын. Пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылып, соттың қаулысымен сотталған түзеу мекемесіне жіберілді.

Жалпы, жазаның өтеу тәртібін бұзу- бас бостандығынан айыруға апаратын бұл жағдай есепте тұрған басқа да сотталған азаматтарға сабақ болады деп үміттенеміз. Пробация есебіндегі сотталғандар қызметкерлер тарапынан әрдайым бақылауда болады. Қызметкерлер есептегі әрбір азаматтың тұрғылықты мекенжайынан күнделікті тексеру жұмыстарын жүргізіп, заңбұзушылыққа қарсы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді деді әділет майоры Н.Дүйсенбаев.


-Мен пробация қызметінің қолдауымен аудан әкімінің квотасы арқылы «Жәрдем» ЖШС- не жұмысшы боп орналастым. Жұмысы жоқтық адамды аздыратынын білесіздер. Соны ескерген пробация қызметінің қызметкерлері біз секілді есептегілермен тұрақты түрде жұмыс жасап келеді. Қайта қылмыс жасамауымызға, отбасымызға көмектесуге, мақсат қоюға жігерлендіріп отырады. Бұдан былай адал еңбек етіп, дұрыс жүруге бекіндім,-деді есептегі азамат.

Дана Достанова,
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<