Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингіде жоғарылады

1909

0

Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисшілер жаңартылған әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді, деп хабарлайды Kazinform. 

WTA рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 4-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 66-дан 63-ке, Жібек Құламбаева 469-дан 465-ке шықты.

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 56-дан 54-ке, Ж.Құламбаева 146-дан 143-ке. Аружан Сағындықова 918-ден 892-ге, Жанель Рүстемова 1004-тен 997-ге жоғарылады.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик бұрынғыша 32-сатыда келеді.

Бейбіт Жұқаев – 188, Денис Евсеев – 190, Тимофей Скатов – 222, Михаил Кукушкин 264-орында тұрса, Дмитрий Попко 455-тен бірден 419-ға жоғарылады. Сол секілді Григорий Ломакин (794, +1), Алексей Нестеров (1555, +4), Тимур Мәуленов (1996, +22) көрсеткіштерін жақсартты.

Жұптық сында Александр Недовесов 45-сатыға жайғасса, Александр Бублик 224-тен 223-ке, Денис Евсеев 561-ден 559-ға, Д.Попко 800-ден 780-ге көтерілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің Аустралияда негізгі турнирге жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Юлия Путинцева жылдың алғашқы матчында жеңіліп қалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<