Құқықтық мемлекеттің алғышарты

1340

0

Қазақстандық патриотизм мен кәсіби мақтанышты және адами ынтымақтастықты тәрбиелеу мақсатында 30 қыркүйек Әділет органдары қызметкерлерінің күні болып танылды. Бұл күн Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен белгіленген болатын.


Өз тарихында Әділет органдары мемлекеттіліктің нығаюы мен дамуына, заңнаманы жетіл­діруге, әділеттілік ұста­нымын бекітуге, азаматтардың конституциялық құқығын, бос­тандығы мен заңды мүдделерін қорғауға және жүзеге асыруға әрдайым белсенді үлесін қосты.


Мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде әділет орган­дары өз құзыреті шегінде мем­лекеттің қызметін құқық­тық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Мемлекеттік орган­дар­дың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен аза­мат­тардың жұмысында заң­­ды­лық режимге қолдау жа­­сайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қор­ғау­ды қамтамасыз ететін ат­қа­ру­шы билік органы. Мін­деті – мемлекеттiң даму стра­­тегиясын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу. Заң жоба­лау жұмысын жүргiзу, заңна­маны талдау, жетiлдiру, жүйелеу, нормативтiк құқық­тық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жүргiзу ар­қылы адамның және аза­мат­тың құқықтары мен бостан­дықтарының үстемдiгiн, Қа­зақстан Республикасының егемендiгiн, Қазақстан қоғамы мен мемлекетiнiң тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңна­маны қалыптастыру. Осы орайда Әділет органдары мемлекеттік қызметті құқықтық тұрғыдан қамтуды жоғары кәсіби деңгейде жүзеге асырып келеді. Еліміздің заңнамаларын дайындауда да әділет органдарының орны ерекше. Әрбір заң жобасы Парламентке бармас бұрын Әділет министрлігінде өңдеуден өтеді.


Маңызды міндеттердің бірі – құқықтық көмекті және заң қызметін көрсетуді ұйым­­дастыру және наси­хат­ты қамтамасыз ету арқы­лы халықтың құқықтық мәде­ниетін арттыру. Бұл – құқықтық мемлекет болып қалып­тасудың алғышарты. Қазақстан мемлекеттілігінің дамуы­мен қатар, әділет орган­дарының рөлі де өзгеріп, олардың қызметі жаңа маз­мұнмен толығып, құрылымдық функциясы да жаңа арнаға түсіп отырады. Бірақ алдында тұрған міндеттер қалай өзгерсе де, әділет органдары қызметінің басты мазмұны – заңдылық пен құқық қорғауды нығайту, мемлекеттік мүддені қорғауды қамтамасыз ету, азаматтардың әлеуметтік-эконо­мика­лық, сая­си және жеке құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң бұзушылықты болдырмау болып қала береді.


Сот актілерін орындау сот әділ­дігін іске асырудың соң­ғы қоры­тындысы және аза­мат­­тардың құқықтарын қор­­­ғауға конституциялық ке­піл­­дігін қамтамасыз етудің маңызды құралы. «Бес инс­ти­ту­ционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27-қа­дамына сәйкес атқару­шы­лық іс жүргізу саласын түбегейлі реформалау жүр­гізілді. Жеке сот орындау­шы­лары институтын одан әрі дамытуды және сот орындаушыларының мем­лекеттік қызметін кезең-кезеңмен қысқартуды көз­дейтін шешім аталған рефор­маның түйіні болды. 2016 жылғы 1 қаңтар­дан бастап жеке сот орын­дау­шыларының құзыретіне 1000 АЕК асатын соманы мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы құжаттарды, мем­лекет мүддесінде жүр­гізі­летін үйден шығару, үйлерді бұзу, жер учас­ке­лерін алып қою бойынша істерді қоспағанда, атқарушылық құжаттардың барлық санаттары берілді. Сондай-ақ жеке сот орын­даушыларының өкілет­тік­тері кеңейтілді. Заңнамаға жеке сот орындаушылары инсти­тутын дамытуды көздейтін өзгерістердің ен­гізілуіне байла­­нысты мем­лекеттік сот орын­дау­шы­ла­рдағы атқару­шылық құ­жаттар санына қарағанда, жеке сот орындаушыларда­ғы ат­қарушылық құжаттар санының көбейгені байқа­лады.


Халыққа сапалы мем­лекет­тік қызмет көрсету – әділет орган­дарының басты міндеті, ал сапалы мемлекеттік қызмет көрсету азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды көрінісі. Әділет органдары 2018 жылы мемлекеттік қызметтің 20 түрін көрсеткен, былтырдан бастап 12 қызмет түрі көрсетіледі. Қызмет түрлерінің азаюы бірқатар тіркеу функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілуіне байланысты.


Атап айтқанда, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуді жүзеге асыру мемлекеттік корпорацияға бе­рілді. Бұл азаматтарға мем­ле­кет­тік қызметтерді бір жерде алуға мүмкіндік береді және оларды қамтамасыз ету үшін бизнес үдерісін айтарлықтай азайтты. Сондай-ақ, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу жұмыстарын биылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік корпорация жүзеге асыруда. Әділет департаментінің құзыретінде, корпорацияның жылжымайтын мүлікке құ­қықтарды тіркеу және заңды тұлғаларды тіркеу қызметіне бақылау және методикалық көмек көрсету функциялары қал­дырылған.


2018 жылдан бастап но­тариаттық, адвокаттық және жеке сот орындаушылар қызметімен айналысуға лицензия алу бағыты бойынша көрсетілетін қызметтер электронды форматқа көшті. Тұрғындарға мемлекеттік қыз­меттің электронды түрін қол­данудың тиім­ділігін түсіндіру мақсатында мемле­кеттік кор­порациямен бірлесе құқық­тық түсіндірме, насихат жұмыстары жүргізіліп тұрады.


Бүгінде әділет органдары өз жұмыс­тарын оңтайландыру мақ­сатында еңбек етуде. Қыз­меткерлер әрдайым мемле­кет­тілікті нығайту мен да­мы­тудың, заңнаманы жетіл­діру­дің, әділеттіліктің прин­цип­терін орнатудың, аза­мат­тардың конституциялық құ­қықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау жөніндегі маңызды міндеттерін орындап келеді. Әділет органдарын жетілдіруде ардагер­лердің де қосқан үлестері орасан зор.
Кәсіби мерекеде әріпте­с­теріме, әділет орган­дарының ардагерлеріне зор денсаулық, қызметте жаңа жетістіктер, кәсіби өрлеу, жақындарыңызға амандық тілеймін! Отанымыз – Қазақстан Рес­публи­касының өсіп-өркендеуі жолын­дағы қызметтеріміз жемісті болсын!

И.БӘКІШЕВА,


облыстық әділет


департаментінің басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<