Қызылордада жас ғалымдар конференциясы өтті

364

0

Фото: Қорқыт ата атындағы ҚУ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен «Білім – Ыбырай» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Өңірдегі жастар ғылымын дамыту» республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті.

Шара барысында университеттің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнұр Бөрібаева баяндама жасайтын ғалымдарға сәттілік тілеп, білім алушыларға «Жас ғалымдар» ұйымының жұмысы туралы айтты. Аталған жиынға коммерцияландыру бөлімінің басшысы Нұржан Еділбаев, «Ыбырай» қоғамдық қорының стипендиаттары қатысты.

Конференция барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері, «Ыбырай» қоғамдық қорының стипендианттары Мусаб Құдайберген «Өнер – ұқсату: пластикалық анатомия» тақырыбында, Данияр Абдрахман «Математикалық ойлау үлгісі (моделі) және өркениет дамуы» тақырыбында, Бақтынұр Жұмабай «Овертон терезесінен көрінетін өркениет» тақырыбында, Шамиль Анарбай «Қорланған тіл» тақырыбында баяндама жасады.

Кездесу соңында ғалымдарға сауалдар қойылып, ой-пікір, ұсыныстар айтылып, алғыс хатпен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<