Тұрғындарға кеңес берілді

1070

0

Аймақ тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді кедергісіз алуды қамтамасыз ету мақсатында №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында акция өтті. «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ» Қызылорда облысы бойынша филиалы мен облыстық Әділет департаментінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға филиал директорының орынбасары Рахат Жайсаңбаев, департамент басшысы Ирина Бакишева, нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары мен заңгерлер қатысып, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

Сондай-ақ, сала мамандары соңғы уақытта өзгертілген заңналамалар туралы да тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Акция барысында Халыққа қызмет көрсету орталығына келген ондаған адам өздерін толғандырған сұрақтары бойынша қажетті мамандар кеңес алды.

Шарада алимент өндіру, борышкерлер тізімінен шығару, жылжымайтын мүліктер құжатының түпнұсқасын қалыпқа келтіру, авдокаттық, нотариаттық қызметпен және сот орындаушысы болу үшін лицензия алу сынды сұрақтар ең көп талқылауға түсті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<