Түркиядағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 3,5 мыңға жуықтады

564

0

Фото:twitter.com/anadoluagency

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3,5 мың адамға жуықтады. Бұл туралы вице-президент Фуат Октай мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Anadolu басылымына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, зардап шеккендер саны 3 419 адамға артып, 20 534 адам жарақат алған.

Бұған дейін 3 381 адам қаза тауып, 20 436 адам жараланғаны туралы хабарланған болатын.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында бірқатар жер сілкінісі болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шеккен. Ең күшті жер сілкінісінің магнитудасы 7-ден жоғары болды. Табиғи апат салдарынан Түркияда көптеген ғимарат қирады.

Түркия жеті күндік жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады. Елдегі және көршілес Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 4 мыңнан асты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<