Жемқорлықпен күрес – өркениетті қоғамның басты парызы

1674

0

Біз мүлде жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де аз емес. Ал шешімі күрделі мәселелер де бар. Ол әлеуметтік мәселе. Бұл салада қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе, ол-сыбайлас жемқорлық. Еліміздегі өңірлік маңызды салалардағы тұрмыстық жемқорлықты жою және азаматтарға қолайлы орта құру, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Бүгінгі таңда жемқорлық мәселесіне бей-жай қарамайтын саналы азаматтарымыздың саны артып, олардың әрқайсысы коррупцияға қарсы күрес жолында тиімді жұмыс жасайтын дұрыс тұтқаларды табуға өз үлестерін қосып келеді. Қоғамдағы ең маңызды мәселелердің бірі жемқорлыққа тосқауыл қою және оған жол бермеу – біздің басты мақсатымыз болып есептеледі.

Осындай жобалар мен форумдар, адалдық пен парасаттылық тұрғысындағы бірқатар іс-шараларды ұйымдастыру арқылы келешек ұрпаққа рухани тазалықты ел ертеңінің тізгінін ұстар жастардың бойында қалыптастыру арқылы, болашақ жастарға отанды сүю, отан алдында адал болумен қатар қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу – біздің басты міндеттеріміздің бірі.

Табиғат қорғау саласында қызмет атқаратындықтан біздің міндетімізге жергілікті жерлердегі тұрғындар арасында қоршаған ортаға қатысты заңнамалық актілер туралы түсіндірме мен «заңды білмеу жауапкершіліктен босатылмайды» – деген ұранды басшылыққа алып үгіт-насихат жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізу қажет етіледі.  

Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы Республикалық мемлекеттік мекемесі табиғатымызды келешек ұрпаққа аман сақтап өткізуді, табиғат байлығын талан-таражға түсірмеуге және жемқорлыққа жол бермеу, болдырмау мақсатында, өз үлесімізді қосамыз және бұл  ұжым қызметкерлерінің отан алдындағы тұрақты ұстанымы әрі ұраны.

Табиғат байлығын қорғау, пайдалану саласында ысырапшылдыққа жол бермеу және халыққа ашық, қолжетімді қызмет көрсету, коррупцияны болдырмау үшін бар күш-жігерімізді, білім мен ақылымызды жұмсауға, адал еңбек етуге даяр екендігімізді көрсете білуіміз қажет.

Инспекцияның бөлім басшылары тарапынан бөлім  инспекторларына рейдтік іс-сапарға шығар алдында, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оның қоғамдағы және кез-келген ортадағы өзін-өзі ұстауы мінсіз болуы жөнінде әрдайым ескертіліп отырады.

Қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерден (әрекетсіздіктен) сақтандыру және алдын алу, болдырмау,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен «мүлдем төзбеушілік» қағидатын орнату мақсатында әрдайым құқықтық оқытулар  өткізіледі.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің «Antikor.Live» жобасы шеңберінде, азаматтық қоғаммен диалог орнату мақсатында, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың ықтималдылығына ішкі талдау жүргізу мақсатында, Инспекцияда «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында тоқсан сайын семинар өткізілуде. Балық шаруашылығы субъектілері, әуесқой балықшылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбы бойынша құқықтық түсіндірме  жұмыстары жүргізілуде.

Атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде, Инспекция қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтар орын алған емес.

Б.ДОСОВ,

Арал-Сырдария облысаралық

 бассейіндік балық шаруашылығы

инспекциясының бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<