Жолаушыларға жәрдемдескені үшін

466

0

Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімі қызмет көрсету аумағында белсенділік танытқан Арал ауданы Сексеуіл кентінің және Қармақшы ауданы Төретам кентінің азаматтарына ҚР ІІМ Көліктегі Полиция Департаменті бастығы полиция генерал-майоры Бекеев Оңал Ботайұлының Алғыс хаты және сыйлықтары берілді.

Еске сала кетейік «Қасіретті қаңтар» оқиғасы кезінде Қызылорда станциясы Жол Полиция бөлімі қызмет керсету аумағында жолаушылар поездары тоқтап қалды. Сексеуіл мен Төретам станцияларында жергілікті тұрғындар 2500 жолаушыға жанашырлық танытты. Полиция қызметкерлерімен бірге тегін ыстық тамақ, сусын және дәрі дәрмектермен қамтамасыз еткен еді.

Гүлбану Мақажан,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<