Қармақшыда мәдениет майталмандарына құрмет көрсетілді

1028

0

Бүгін Ш. Төлепова атындағы мәдениет үйінде аудан әкімі М. Қалдарбеков санитарлық талаптарды сақтай отырып мәдениет және өнер саласының қызметкерлерімен кездесті.

-Адамзаттың ұрпақтан ұрпаққа қалдырар ұлы мұрасы – мәдениеті мен өнері. Ұлы абыз Қорқыт баба қобызының күмбірлеген үнімен үндескен қасиетті Қармақшы жері – халқымыздың мәңгі өшпес асыл мұрасы мәдениетінің мұрагері. Халқымызда киелі Қармақшы өлкесі «Жүз жыраудың елі» деген жақсы сөз бар. Мемлекеттік қолдаулардың арқасында жергілікті өнерпаздар халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардан жүлделі оралып жүр. Сіздер өнеріміз бен мәдениетімізді, ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу жолында аянбай қызмет етіп келесіздер. Өздеріңіз өнерлеріңізбен елдің рухын көтеріп, зор мақтаныш сыйлайсыздар, халқымыздың мәдени-рухани талғамы мен танымын қалыптастырасыздар.Бүгінгі кәсіби мерекеде биік шығармашылық табыс, жоғары жетістіктер тілеймін! – деді аудан әкімі М. Қалдарбеков

Әлемді шарпыған пандемия кезінде де мәдениет қызметкерлері адам жанының рухани емшісіне айналып, карантиндік жағдайларға қарамастан әлеуметтік желілерде рухани-танымдық жобаларды, концерттер, танымдық сағаттар мен виртуалды көрмелерді онлайн режимде жүзеге асырып, халықпен байланысын үзген жоқ.

Кездесуде мәдениет және өнер саласының дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар сала мамандарыоблыс әкімінің,басқарма басшысының, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен бірге аудан әкімі Мұса Оспанұлы айтыскер ақын өнер қайраткері Серік Ыдырысовқа «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» атағын табыстады.

Кездесу соңында айтыскер ақын өнер қайраткері Серік Ыдырысовәріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, аудан басшысына көрсетілген құрметке алғысын жеткізді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<