Қазалыда мәдениет және өнер қызметкерлері мерекесі аталып өтті

1356

0

Қазалы ауданының 95 жылдығы мен Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай мерекелік шара өтті.

Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығында өткен «Мәдениетім мәртебем” атты салтанатты шараны аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ашып, сала қызметкерлері мен ардагерлерді мерекемен құттықтады.

– Кез келген мемлекеттің, қоғамның қалыптасуы мен дамуына мәдениеттің қосар үлесі зор. Өйткені, қай елдің мәдениеті мықты дамыса, ол елдің еңсесі де биік, рухы да жоғары болады.

Өнер деген – үлкен керуен. Ал, керуеннің үнемі жол үстінде жүретіні белгілі.

Қасиетті Қазалы топырағында талай өнер тұлғалары өсіп-өнді. Қорқыт бабамыздың күңіренте тартқан күй-сазы, Роза апамыз бен Мәдинаның әуелете айтқан әні, Кеңес Дүйсекеевтің музыкасы бүгінгі ұрпақтың жүрегінде. Қазір де киелі өнер жолында туған жердің атын шығарып, биік тұғырдан көрсетіп жүрген жерлестеріміз жетерлік, – деді аудан басшысы.

Мұнан соң аудан мәдениеті мен өнерінің дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлер облыс әкімі және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Кеште ҚР Мәдениет қайраткері, эстрада жұлдызы Жұбаныш Жексенұлы ән салып, көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады.

Шара одан әрі өнерпаздардың әсем әнімен әрленіп, көркем биіне ұласты. Сондай-ақ, қонақтар театрландырылған қойылым тамашалады.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<