Ұлттық Рәміздер – ұлттық мақтаныш

459

0

Сырдария ауданының орталығындағы «Серікбол» сауда үйінде аудандық жастар ресурстық орталығы 4 маусым – Мемлекеттік Рәміздері күніне арналған «Ұлттық рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты патриоттық іс-шара ұйымдастырды.

Сауда үйінде аталған мерекеге орай көк байрағымыз көкке көтеріліп, Қазақстан Республикасының Гимнін тұрғындар өздері орындады.

Патриоттық іс-шара барысында сауда үйінің тұтынушыларына Рәміздерге қатысты сауалдар қойылып, тұшымды жауап иелеріне сыйлықтар берілді.

Мұнан соң патриоттық әндер орындалып, аудан жастары көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Мемлекеттік Рәміздері күні баршаңызға құтты болсын!

Сырдария аудандық
жастар ресурстық орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<