Қазақстанда шөппен жазылған кітап бар

386

0

Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық кітапханасының негізгі қорларды сақтау бөлімінде хижра есебімен 1293 жылы басылып шығып, аяттары шөппен жазылған «Құран кәрім» кітабының түпнұсқасы сақтаулы тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл дүние – рухани ордадағы ең ескі құнды жазбалардың бірегейі. Сырты арнайы иленген қоңыр түсті мал терісімен қапталған. Құран аяттары шөппен жазылғандықтан, оның жазулары әлі күнге дейін көмескі тарта қоймаған екен.

«Ел арасында бабадан қалған мұраларды шүберекке түйіп, сандық түбінде сақтап отырған кісілер баршылық. Біз қор енді ашылған уақытта арнайы экспедициямен облыстың ауыл-аймақтарын түгел аралап, жеке тұлғаларда сақтаулы дүниелерді жинақтадық. Дегенмен, уақыт өткен сайын қолжазбаны қалпын бұзбау талаптары қиындай түседі. Сондықтан мұндай құндылығы жоғары мұраларды тиісті мекемелерге сақтауға берген дұрыс. Болмаса, қолжазбалардың бүлінуі, оқылуы күрделеніп кетуі әбден мүмкін», – дейді кітапхананың негізгі қорларды сақтау бөлімінің басшысы Гүлдерайым Қосназарова.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<