Блок – бекеттен аса ірі көлемде есірткі алып өтпек болған (видео)

571

0

9 қаңтар күні сағат 16:50 шамасында қала аумағындағы блок-бекетте  «Honda Odyssey» маркалы автокөлігін тоқтатып тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан 1,5 келіге жуық «марихуана» есірткі заты анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына  қамаққа алынды.
Қазіргі уақытта  Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен  (аса ірі көлемде есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену,  сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп – тексеру жүргізілуде.
Бүгінгі күні, іс бойынша тергеу жалғасуда және өзге мәліметтер тергеу құпиясын сақтау мақсатында жариялануға жатпайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<